Skip to content

319 МЫҢНАН АСТАМ АДАМ АӘК АЛДЫ

2024 жылғы 1 наурызда 310 мыңнан астам адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді.

2024 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша 58,8 мың отбасындағы 312 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. Биыл осы мақсатқа бюджеттен 75,9 млрд теңге қарастырылған, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

АӘК мыналарды көздейді:

– табысы өңірлік ең төмен күнкөріс деңгейінің 70%-нан аспайтын азаматтарға тоқсан сайын әлеуметтік көмек тағайындау;

– табысы аз отбасылардағы 1 жас пен 6 жас аралығындағы әр балаға 1,5 АЕК (5 538 теңге) мөлшерінде ай сайынғы қосымша төлем беру. 2024 жылғы 1 наурызда АӘК алушылар қатарынан мектеп жасына дейінгі 94,9 мың балаға 1 млрд теңге сомасына қосымша төлем тағайындалды;

– жұмысқа орналастыру, өз ісін ашуға ниетті отбасыларға гранттар беру, біліктілікті арттыру курстарына жіберу (қажет болған жағдайда) және басқалар арқылы жұмыспен қамтуға жәрдемдесу.

Қазіргі уақытта қазақстандықтар АӘК тағайындауға өтінішті тұрғылықты жері бойынша мансап орталығында, ауыл округінің әкіміне сондай-ақ Электрондық үкімет порталы (egov.kz) арқылы бере алады.

Қызылорда қаласы бойынша 6 136 адамға атаулы әлеуметтік көмек төленіп, 9 800 балаға қосымша төлем, 7 290 балаға жолда жүру ақысы аударылды. 1 061 адамға тұрғын үй көмегі көрсетілді. Жекелеген санаттағы әлеуметтік қолдауды қажет ететін 3375 адамға әлеуметтік төлем жүргізілді. Мүгедектігі бар тұлғаларды оңалту шараларын жүзеге асыру бойынша 1 топ мүгедектеріне 1139 жеке көмекші, есту кемістігі бар адамдарға 17 ымдау тілі маманы, 13 инватакси қызмет көрсетті. Үйде тәрбиеленіп және оқытылатын мүгедектігі бар 536 балаға әлеуметтік төлем жүргізіліп, 6199 мүгедектігі бар адамдарға гигиеналық құралдар мен техникалық-компенсаторлық құралдар сатып алынды. 1500 көпбалалы отбасыға «Мұз айдыны» және «Евразия» спорт кешеніне жолдамалар берілді. Демеушілер тарапынан 4227 отбасыға көмек көрсетілді.

БӨЛІСУ

Designed using Hoot Business. Powered by WordPress.