Шиелі ауданы прокуратурасының ұйымдастыруымен «Арман» мәдениет үйінде «Алаяқтық қылмыстарының алдын алу» және «Балалардың құқықтарын сақтау, қорғау меү қауіпсіздігін арттыру» мақсатында ведомствоаралық жедел мәжіліс өткізілді.

Жиынға аудан әкімінің орынбасары Б.Ысмағұлов, Шиелі ауданының прокуроры Н.Қаратаев, Шиелі ауданының полиция бөлімінің бастығы Д. Беркімбаев және полиция бөлімі қызметкерлері, Шиелі ауданының білім бөлімі басшысы Ж. Баймұратова, білім саласының қызметкерлері мен мектеп директорлары, дербес бөлім басшылары мен БАҚ өкілдері қатысты.

Мәжілісті Шиелі ауданының прокуроры Н.Қаратаев ашып, қатысушыларға ауданның криминогендік жағдайы, өсім алған қылмыстарды, атап айтқанда алаяқтық қылмыстары, алаяқтыққа тосқауыл қою, оған себеп болған мәселелерді бірлесіп шешуге байланысты ұсыныстарды талқылап, сонымен қатар балалардың құқықтарының сақталуы мен қорғау қауіпсіздігін арттыру қажеттігі туралы айтты.

БӨЛІСУ