Бүгін аудан әкімі Жандос Еркінбектің төрағалығымен өткен актив отырысында аудан әкімінің орынбасарлары таныстырылды.

«Аудан әкімінің екі орынбасары басқа қызметке ауысуына байланысты, қызметтерінен босатылған болатын. Конкурстық комиссия отырысының шешімі негізінде, аудан әкімінің 2024 жылғы 15 наурыздағы өкімімен Шыңғыс Сыдықов Қармақшы ауданы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды. Шыңғыс Әбділәмитұлы аудандағы экономика, бюджет, кәсіпкерлік, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар салаларына жетекшілік жасайды. Конкурстық комиссия отырысының шешімі негізінде, аудан әкімінің 2024 жылғы 15 наурыздағы өкімімен Айдын Әнуар Қармақшы ауданы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды. Айдын Серікұлы аудандағы құрылыс, автомобиль жолдары, коммуналдық қызметтер, ауыл шаруашылығы, жер қатынастары, азаматтық қорғаныс салаларына жетекшілік жасайды», – деді Жандос Еркінбекұлы.

Аудан басшысы жаңадан тағайындалған аудан әкімінің орынбасарларының алдағы қызметіне сәттілік тіледі.

БӨЛІСУ