Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың тапсырмасына сәйкес Қызылорда қаласы аумағындағы құрылыс нысандарына мониторинг жұмыстары жүргізілді.

Бүгін Қызылорда облысының бақылау жөніндегі басқармасының басшысы Ғанижан Піртазаұлы, демеуші «Болат Өтемұратов қорының» өкілі және Қызылорда облысының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы  Жәнібек Шәкімбекұлымен
Қызылорда қаласындағы әуежай құрылысының жұмыстарымен танысты.
Мониторинг барысында, мердігер мекемелерге құрылысты бекітілген кестеге сәйкес жүргізілу керектігін және техникалық, авторлық қадағалаушыларға құрылыс объектілеріне бақылауды күшейту керектігін ескертті.

Қазіргі әуежай жылына 137 мың адамға қызмет көрсетсе, жаңа терминал іске қосылғаннан кейін 220 мың жолаушыны қабылдай алады. Ал жүк тасымалдау көлемі 150 тоннадан 240 тоннаға дейін ұлғаяды. Құны 33 миллион долларды, алаңы 7500 шаршы метрді құрайтын әуежайда телескопиялық трап екі қабатты болады. Жолаушыларға, оның ішінде қозғалыс қабілеті шектеулі азаматтарға ыңғайлы болу үшін эскалаторлар мен лифттер қарастырылмақ. Жылдам әрі жайлы қызмет көрсету, өзін-өзі тіркеу бағандары,  жүкті беруді өңдейтін автоматтандырылған жүйемен жабдықталады. Ал жергілікті әкімдік нысанға инфрақұрылым жүргізуде. Терминал құрылысы биылғы жылы аяқталмақ, Әуежай — өңірдің негізгі әуе қақпасы, сондықтан заманауи сипатқа ие болуы қажет.

БӨЛІСУ