Жедел-профилактикалық іс-шараны өткізу мақсаты қала көлемінде заңсыз көші-қондылық арналарын анықтау және жолын кесу, қоғамдық тәртіпті сақтау, сонымен қатар көші-қондылықты бақылау жұмыстарын жүзеге асыру кезінде құқық бұзушылықтар мен қылмыстарға жол бермеуге бағытталған кешенді шаралар қабылдау болып табылады.
Іс-шара барысында қала аумағына келген шетелдіктердің көші-қон заңнамаларын бұзу деректерін анықтау, оларды әкімшілік жауапкершіліктерге тарту, іздеуде жүрген қылмыскерлерді анықтау мақсатында шетелдіктердің уақытша тіркелген мекен-жайларын, салынып жатқан құрылыс нысандары, базарлар мен дәмханалар тексеріліп, рейдтік іс-шаралар жүргізілуде. Іс шара аясында жалпы 113 заң бұзушылық анықталды.
Нәтижесінде Көші-қон заңнамаларын бұзған ҚР ӘҚБтК-нің 517 бабымен (Шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның ҚР халықтың көші-қон саласындағы заңнамасын бұзуы)66 шетелдік анықталды.
Сонымен бірге ҚР ӘҚБтК-нің 518 бабымен (Шетелдіктерді және азаматтығы жоқ адамадарды қабылдайтын жеке немесе заңды тұлғалардың ҚР-ның халықтың көші-қон саласындағы заңнамасын бұзуы) 43 ҚР азаматтары және ӘҚБтК-нің 519 бабы (Шетелдік жұмыс күшін және еңбекші көшіп келушілерді ҚР заңнамасын бұза отырып тарту, шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның ҚР еңбек қызметін заңсыз жүзеге асыруы) бойынша 4 ҚР азаматына әкімшілік шаралар көрілді.
Қызылорда қаласы мамандандырылған әкімшілк сот қаулысымен 2 Өзбектан Республикасының азаматы Қазақстан Республика аумағынан әкімшілік жолмен шығарылды.
Осыған байланысты, аталған бағыттағы жұмыстарды жандандыру мақсатында Көші-қон қызметі бөлімінің қызметкерлері нақты тапсырмалар бойынша тиісті ұйымдастырушылық шаралар қабылдауда. Бұл бағыттағы жұмыстар өз жалғасын табады.

БӨЛІСУ