Сырдария өзенін жағалай орналасқан біздің аймақ үшін көктемгі су тасқынына жыл сайын ерекше дайындық жүргізіледі. Оның ішінде тұрғындардың қауіпсіздігін сақтау басты міндет.

Кеше партияның Қазалы аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Нұрғиса Жалғасбаев партия филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Әділбек Сарабеков және комиссия мүшелерімен бірге Басықара ауылындағы «Ә.Тыныбаев» атындағы Қазалы су торабында болып, су тасқыны қауіпін азайту мен алдын алу, мақсатындағы жұмыстармен танысып қайтты.

Бұл су торабы 1963-1970 жылдарда салынған.Жарты ғасырдан астам уақыттан бері қызмет етіп келеді. Техникалық жағдайы жақсы. Қазіргі таңда Қазалы су торабынан 127 куб су өтіп жатыр. Аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Алтынбек Қалиевтің айтуынша ауданда көктемгі су тасқынына дайындық жұмыстары жүргізілген, қазіргі таңда су басу қаупі жоқ.

Дегенмен өз кезегінде сөз алған аудандық партия филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Әділбек Сербайұлы сала басшыларына дариядағы су деңгейін үнемі бақылауда ұстап, су тасқынына қарсы іс-шараларды сапалы іске асыру өте маңызды мәселе екендігін нықтап айтты. Сондай-ақ оларды толғандырған мәселелерді ортақ талқыға салып, жұмысты жетілдіру бағытында ұсыныстарымен бөлісті.

БӨЛІСУ