Қызылорда қаласы Полция басқармасының көші – қон бөлімінің қызметкерлері дактилоскопиялық тіркеу жұмыстарын халыққа қызмет көрсету орталығында жүргізуде.
Мәселен, жыл басынан бері 264 тұрғын бұл тіркеуден өтіп, саусақ іздерін тапсырды. Дактилоскопиялық құрылғысының ерекшелігі егер адам құжаттарын жоғалтып алса, саусақ ізін тіркеу оларды қысқа мерзімде қалпына келтіруге көмектеседі. Сонымен қатар оның көмегімен жеке тұлғаны тез арада анықтау мүмкіндігі бар. Мысалы, оның тиімділігін есте сақтау қабілеті нашар немесе есінен танып қалған азаматты тану кезінде байқауға болады. Қазақстан азаматтарының дактилоскопиялық деректері мемлекет тарапынан қорғалады.
Құрметті қала тұрғындары! Дактилоскопиялық тіркеуден 16 жасқа толған, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін және (немесе) паспортын алу үшін алғаш рет жүгінген, сондай-ақ құжаттарын ауыстыру үшін жүгінген Қазақстан Республикасының азаматтары өз еркімен өте алады. Ал міндетті дактилоскопиялық тіркеуге 16 жасқа толған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар жатады. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 443-1-бабына сәйкес шетелдіктердің немесе азаматтығы жоқ адамдардың міндетті дактилоскопиялық тіркеуден бас тартуы Қазақстан Республикасы аумағынан шығару түріндегі жазаны көздейді. Бұл рәсім адамның мүдделерін қорғау және оның заңды құқықтарын қамтамасыз ету үшін жүргізіледі.