Басқарма бастығы Макаров тапаншасын атудан жүлделі орын алған погонды аруларымызды құттықтады.
Халықаралық – 8 наурыз мерекесіне орай Қызылорда қаласы Полиция басқармасының бастығы Қасанов Айдар Демегенұлы Макаров тапаншасын атудан басқарманың намысын қорғаған погонды аруларын құттықтады. І орынды иеленген арулардан бөлек жарыста жекелей сынға түскен қыздар арасында ІІ орынды Қызылорда қалалық Полиция басқармасының Жедел басқару орталығының инспектор кезекшісі полиция аға лейтенанты Шотаева Зура Асылбекқызы, ІІІ орынға Қызылорда қалалық Полиция басқармасының қабылдау тарату орнының полицейі полиция сержанты Рсымова Айгул Ергешбайқызы есімді погонды аруларымыз абырой биігінен көрінді.
Әйел – қоғам айнасы, тәрбиеміздің бастауы. Халқымыз қашан да ананы дәріптеген, оларды отбасының ұйтқысы, ұрпақ жалғастырушысы ретінде пір тұтқан. Сондықтан әйел-аналарға құрмет көрсету баршамыздың азаматтық борышымыз.
Иә, олар қиын да жауапты қызметті адал атқарып, үйде отбасының алтын қазығына айналып, қызметте абыройға бөленіп жүр.
Өз кезегінде басқарма бастығы: «8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Әрдайым жүздеріңізден күлкі кетпесін, отбасында бақытқа кенеле беріңіздер. Береке мен жылылықтың символына айналған әйел-ана деген қасиетті атауды ешқашан кір шалмасын. Еліміздің ертеңі жарқын, келешегі кемел болсын!».