9 наурыз сағат 14:55-те Қызылорда облысындағы Ақеспе елді мекенінен 25 км жерде “Бейнеу-Бозой-Шымкент” магистральдық газ құбырының 413 км, 436 км, 458,4 км, 466 км және 481 км учаскелерінде техникалық жолдың тас жол төсемінің бойында еріген қар суының басуы анықталды. 

Магистральдық газ құбыры бойынша барлық объектілер байланыста және штаттық режимде жұмыс істеуде. Газды тасымалдау штаттық режимде және толық көлемде жүргізілуде. Айналма жол бар. Елді мекендерді су басу қаупі жоқ.

БӨЛІСУ