17 наурызда Жаңақорған ауданының Қыраш ауылдық округінің әкімі сайланады. Сондай-ақ, ауданда 31 наурыз күні шығып қалған мәслихат депутатының орнына сайлау өтеді.

Бүгінгі күні сайлау процесі Күнтізбелік жоспар аясында ұйымдастырылуда.
Бұл ретте Қызылорда облысының аумақтық сайлау комиссиясы аудандық АСК-ге әдістемелік және ақпараттық көмек көрсету жұмыстары аясында Жаңақорған ауданына іссапармен барды.

Аудандық АСК округтік және учаскелік комиссия мүшелеріне арнап оқыту семинарын өткізді.

Басқосуда Жаңақорған АСК төрағасы Ө.Ілиясов баяндама жасап, учаскелік сайлау комиссиялары дауыс беру күнгі сәтте жүзеге асатын процесті практикалық мысалдар негізінде көрсетті.
Ал, облыстық АСК төрағасының орынбасары Болат Накипов пен комиссия мүшесі Абай Тағыберген тосын әрекеттерге негізделген жағдаяттардан шығу жолдарын түсіндіріп, нақты талдаулар жүргізді.

Оқыту барысында облыстық АСК мүшелері учаскелік комиссия мүшелерінің сауалдарына жауап беріп, дауыс беру күнгі заңдылықты сақтау бағытында ой өрбітті.

БӨЛІСУ