Қызылорда қалалық мәслихат төрағасы И.Құттықожаев үстіміздегі жылдың 6 наурыз күні қала тұрғындарын қабылдады.

Қабылдау барысында қала тұрғыны А.Сырғабаев «Бәйтерек – 3» тұрғын ауданына ауыз су және жарықтандыру жүйелерін жүргізу мәселелерін көтеріп, шешілуіне ықпал жасауды сұрады.

Қала тұрғыны, көп балалы ана Н.Қадырова бір баласының көзін 15 жылдан бері емдетіп, бірқатар медициналық емдеу мекемелерінде ем алғанын, 8 рет ота жасалғанын, бірақ нәтижесіз екенін, әлі де жан-жақа барып, емдеуді жалғастырып жатқанын жеткізіп қолдау көрсету туралы өтінішін білдірді.

Сонымен қатар, қабылдауда болған А.Жақыпов Әуезов көшесіне қарасты қуыста орналасқан тұйық көшеге тас төсеп, сол жерге қоқыс контейнерлерін қойып беруді, көше тұрғындарының қауіпсіздігі үшін жарықтандыру жүйесін жүргізуді және мүмкіндігінше бейнебақылау камераларын қоюды сұрады.

Қабылдау барысында көтерілген мәселелерге мәслихат төрағасы шешілу жолдары бойынша құзырлы органдарға хаттар жолданып, жұмыс жасалып, қорытындысы қосымша хабарланатынын жеткізді.

БӨЛІСУ