Қызылорда облыстық мәслихатының экономика, әлеуметтік және құқықтық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясының жоспарына сәйкес «Облыстағы орта және мектепке дейінгі біліммен қамтамасыз етудің сапасы туралы» мәселеге байланысты жан- жақты зерттеу мақсатында Облыстық мәслихат депутаттары Жанкелді Ойшыұлы, Д.Жұмбеков, облыстық білім басқармасының бөлімі басшысы Ш.Әбиева, облыстық білім басқармасының маманы Ш.Демес, аудан әкімінің орынбасары Б.Нурдинов, аудандық білім бөлімінің міндетін уақытша атқарушы Б.Есенбаевтар кент орталығындағы №286, 289, №110 мектеп лицейі, №169 Н.Илялетдинов атындағы орта мектеп, №3 мектеп интернаты және №56 мектептерінің жағдайымен танысты.

Жұмысшы топ мектеп ғимараттарының сыйымдылығын, санитариялық- гигиеналық талаптарының сақталуын, мектептің арнайы кабинеттерімен жабдықталуын, ыстық тамақтың сапасы мен қауіпсіздігі және білім деңгейі ҰБТ нәтижелері бойынша мәселелерді қарады.

Жұмысшы тобы кент орталығындағы 2023 жылдың қаңтарын айында пайдалануға берілген №286 мектептің жай-күйімен танысты, мектептің сыйымдылығы 350 бала, қазіргі таңда 530 бала екі ауысымда білім алуда, МАД сыныбын қосқанда 570 бала. Білім ұйымы тіректі мектеп болуына байланысты кабинеттер соңғы үлгідегі технологияларымен толық жабдықталған. Мектепте оқушылардың жан – жақты білім алуына толық жағдай жасалуда.
Білім ұйымы алдағы уақытта Қызылорда қаласындағы №3 IT- мектеп лицейімен тәжірибе алмасу мақсатында меморандум арқылы білімді одан әрі жетілдіру жөніндегі жоспарларымен бөлісті.
Сонымен қатар, кент орталығындағы №3 мектеп интернатының жағдаймен танысқан топ мүшелері мектептің әжетхана, спорт зал, жатын бөлмелердің жөндеу қажет екендігін жеткізді. Одан әрі жұмысшы тобы кенттегі Арнайы бөбекжай бақшасының жағдайымен танысты. Бөбекжай бақшасына қосымша 1 логопед, 1 дефектолог штат бірліктерінің қажеттігін айтты.
Облыстық мәслихат депутаты Жанкелді Ойшыұлы Жаңақорған ауданындағы білім беру мен мектепке дейінгі ұйымдардың жұмысымен толық танысқандығын, айтылған ұсыныстардың маңыздылығына қарай, зерделеп, кезек күттірмейтін мәселелердің жоқ еместігін алға тартып, алдағы тұрақты комиссияда мәселелердің шешу жолдарын қарастыратындығын жеткізді.

БӨЛІСУ