Қызылордалық погонды арулар Макаров тапаншасын атудан жүлделі І орынды иеленді.

​Құқық қорғау органдарының қыз-келіншектері арасында 8-Наурыз халықаралық әйелдер мерекесіне орай Қызылорда облысы Полиция департаменті бастығының Кубогына арналған Макаров тапаншасын атудан жарыс өткізілді. Жарыс ПД Арнайы жұмылдыру даярлық басқармасының ұйымдастыруымен оқу-жаттығу полигонында өтті.
​Аталған жарысқа 16 команда қатысты: Қызылорда қалалық Полиция басқармасынан, ҚР ІІМ-нің Байқоңыр қаласындағы Өкілдігінің құрама командасы, аудандық полиция бөлімдерінің құрама командалары қатысты.
Турнирдің салтанатты ашылу рәсімінде Қызылорда облысы Полиция департаменті бастығының міндетін атқарушы полиция подполковнигі Жұмағұлов Ілияс Байжұманұлы сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік пен жарқын жеңіс тіледі.
​Айта кетерлігі, бұл доданың бас жүлдесіне Қызылорда облысы Полиция департаменті бастығының арнайы кубогы тігілді.
Жарыс өтіп, қатысушылар өзара мықтыны анықтады.
Нәтижесінде І орынды Қызылорда қаласы Полиция басқармасының погонды арулары жеңіп алды. ІІ -ші орынды Қармақшы ауданың полиция бөлімінің командасы жеңіп алды, ал ІІІ -ші орынды Қызылорда облысы Полиция департаментінің құрама командасы алды.
Бұдан бөлек басқарма арулары жарыста жекелей сынға түскен қыздар арасында ІІ орынды Қызылорда қалалық Полиция басқармасының Жедел басқару орталығының инспектор кезекшісі полиция аға лейтенанты Шотаева Зура Асылбекқызы, ІІІ орынға Қызылорда қалалық Полиция басқармасының қабылдау тарату орнының полицейі полиция сержанты Рсымова Айгул Ергешбайқызы ие болды. Жеңімпаздарға кубоктар, медальдар және алғыс хаттар табысталды.

БӨЛІСУ