Қызылордада қарақшылық жасаған азамат 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Қызылордада қарақшылық жасаған азамат 5 жылға бас бостандығынан айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz. Сот қарақшылық қылмысын жасаған Қызылорда тұрғынына қатысты үкім шығарды.  Ол өткен жылдың қыркүйек айында екі қала тұрғынын ұрып-соғып, олардан  қымбат телефон мен 1 млн теңгеден астам ақшаны тартып алған. Жүргізілген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде Қызылорда облысы полиция департаментінің криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері 32 жастағы қызылордалықты ұстады. Сотталушы сот үкімімен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 192-бабының 2-бөлігіне сәйкес кінәлі деп танылып, оған 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сот үкімі заңды күшіне енді.

БӨЛІСУ