ҰҚК қызметкерлері Шымкентте терроризмді насихаттады деген күдіктіні ұстады, – деген ҰҚК баспасөз қызметіне ақпаратында
2024 жылғы 28 ақпанда ҰҚК покуратура органдарының үйлестіруімен және полиция көмегімен Шымкент тұрғынын ұстады.
“Ол әлеуметтік желі арқылы терроризмді насихаттағаны үшін күдікке ілінген. Тергеу нұсқасы бойынша, күдікті ертеректе ұзақ уақыт бойы алыс шет елдердің бірінде тұрып, радикал идеологияны қабылдаған”, – делінген хабарламада.
Қылмыстық кодекстің 256-бабы 2-бөлігі бойынша соталды тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес жарияланбайды.