19-27 ақпан аралығында ІІМ жедел уәкілдері ел аумағында іздеуде жүрген 87 қылмыскерді ұстады. Оның 17-сі шетелдік әріптестердің сұрауы бойынша құрықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz сайты.

“Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Қызылордада адам ұрлады деп күдікке ілінген ер адам құрықталды. Алдын ала мәліметтер бойынша, қаскөй 1996 жылы бірнеше адаммен бірге екі адамға күш қолданып, оларды көлікке отырғызып, белгісіз бағытта алып кеткен. Бұл қылмысқа қатысы бар тағы бір қылмыскер бұған дейін ұсталған болатын.

Бұдан бөлек, республиканың криминалдық полиция қызметкерлері хабар-ошарсыз кеткен 53 адамның орналасқан жерін анықтады.

БӨЛІСУ