Қызылорда облысының тәртіп сақшылары мен жеке сот орындаушылары арнайы рейдке шықты.

Жеке сот орындаушылар Өңірлік палатасының жеке сот орындаушыларымен және Қызылорда қаласының Полиция басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп алимент санатындағы атқару құжаттары бойынша берешегі қалыптасқан борышкерлердің автокөліктерін айып алаңына қамау жұмыстары жүргізілуде. Аталған рейдтік іс-шара облыс аумағында өткізіледі және 1  ай мерзімге жалғаспақ. Сонымен қатар іс-шараның барысында алимент бойынша берешегі қалыптасқан борышкерлерді әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тарту да жүргізілуде.
Қызылорда облысында қордаланған алимент мөлшері 128 млн. теңгеден асады. Ал, жеке сот орындаушылары болса, қарыздан жалтарып жүргендерге осыдан басқа қадам қалмағанын айтып отыр. Жалпы алимент санаты бойынша 12 137 атқару өндірісі бар. Оның ішінде 4 678 атқару өндірісі мерзімдік орындалуда, 6 090 атқару өндірісі бойынша борышкерлер ағымдағы алименттерді өз бетінше төлеп отыр. 3 айдан астам төлемеген 1045 борышкердің Қазақстан Республикасы аумағынан шығуына шектеу қойылды.

БӨЛІСУ