Қатаң режимдегі колонияда сотталғандар арасында жанжал шығып, сотталушылардың бірі алған жарақатынан қаза болды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Колониядағы төтенше жағдай 24 ақпанда болған. №29 мекеме – қатаң режимдегі түзеу колониясы. Онда ауыр қылмыстар үшін сотталғандар мен қайталап қылмыс жасағандар жазасын өтейді. Сотталғандар арасында жанжал шығып, ол төбелеске ұласқаны белгілі болды. Оқиға салдарынан тұтқындардың бірі ауыр дене жарақатын алған. Ол оқиға орнында қаза болды.

Қылмыстық іздестіру департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, сотталушының өліміне қатысты тергеу басталған. Оқиға кезінде колония қызметкерлерінің қайда болғанын анықтау үшін колонияға комиссия жіберілген.

“Сотталғандар арасында жанжал туындап, нәтижесінде олардың бірі алған жарақатынан оқиға орнында қаза болды. Бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қылмыстық атқару жүйесі комитеті оның қорытындысы бойынша тексеру тағайындады. Оның ішінде қызметкерлердің әрекетіне құқықтық баға беріледі”, – деп хабарлайды баспасөз қызметі.

БӨЛІСУ