Қаланың бас полицейі гарнизондық жиында 7 жастағы Ерденді марапаттады.

Қызылордалық полицейлер өзінің азаматтық ұстанымын танытып, қылмыскерді құрықтауға көмектескен 7 жастағы Ерден Бағдатұлын басқарма бастығы Қасанов Айдар марапаттады.
​Ол 9 ақпан күні аса ауыр қылмысқа, яғни өзінің жасөспірім бала екендігіне қарамастан, болған оқиғаны толығымен полиция қызметкерлеріне жеткізіп, қылмыстың ашылуына септігін тигізгені үшін Алғыс хатпен және бағалы сыйлықпен марапатталды.
​Жеке құрамның қатысуымен өткізіліп жатқан гарнизондық жиын барысында 7 жастағы Ерден Бағдатұлына қошемет көрсетіліп, осындай болашақ елінің нағыз патриотын тәрбиелеп өсіріп отырған ата-анасына да алғыс айтылды.

БӨЛІСУ