Өңірде жүрек аурушаңдығы жиілеп кеткен. Бұның басты себебінің бірі дүкендерде емін-еркін сатылып жатқан энергетикалық сусындар.

25 жылдан астам кардиохирургия саласында абыройлы қызмет атқарған дәрігер Берік Дәуітбаев осылай деді.

– Біздің кардиологиялық орталықта  бірнеше бөлім жұмыс істейді. Біз жылына 3500-ге жуық науқасты жүрек ауруларынан емдеп шығарамыз. Бұдан бөлек, соңғы үлгідегі озық технологиялардың арқасында жүректегі дертті лезде табуға және дұрыс диагноз жасауға мүмкіндік көбейді. Бүгінде елімізде ғана емес, біздің өңірде де жүрек ауруымен ауыратын тұрғындар көбейіп барады. Оның басты себептері: дұрыс тамақтанбау, ұйқы жетіспеушілігі, уайым, ашушаңдық және энергетикалық сусындарды мөлшерден тыс көп ішу,- деді кардиолог.

Ол энергетикалық сусындардың денеге басқа да жағымсыз әсері бар екенін айтты. Олар дегидратацияға, ұйқының бұзылуына, жүйке және мазасыздыққа әкелуі мүмкін. Кофеин мен басқа да стимуляторлар бірігіп, тәуелділік тудыруы мүмкін және қажетті әсер алу үшін дозаны жоғарылату қажет болуы мүмкін. Осыған байланысты кардиолог әсіресе жүрек-қан тамырлары аурулары бар немесе олардың даму қаупі жоғары адамдарға энергетикалық сусындарды тұтынуды шектеуді немесе олардан мүлдем бас тартуды ұсынады.

БӨЛІСУ