Жыл басынан бері «102» арнасына жанұя жанжалы бойынша 400 хабарлама тіркелді. Тұрмыстық қарым – қатынаста сыйламаушылық әрекетін жасағаны үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73 – бабымен 170 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Полиция тарапынан жанұя шырқын бұзған 270 азамат қорғау нұсқамасы санатымен есепке алынды. Сонымен қатар қорғау нұсқамасының талаптарын бұзып, соттың қаулысымен 89 азаматтың мінез-құлқына қатысты сот қаулысымен ерекше талаптар белгіленген.
Сонымен қатар, қала аумағында 3 әлеуметтік дағдарыс орталығы қызмет көрсетуде. Аталған орталықтармен 55 азаматшаға әлеуметтік көмек көрсетілді.