Аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың есепті кездесулері жалғасуда. Бүгін аудан басшысы Н.Ілиясов және Шаған ауылы тұрғындарымен кездесіп, ұсыныс-пікірлерін тыңдады.

Аудан әкімі Мемлекет басшысының тапсырмасымен, облыс әкімінің қолдауымен барлық салада жоспарлы жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті. Сондай-ақ, елді мекендердегі атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Атап айтқанда, Н.Ілиясов ауылында биыл дәрігерлік амбулатория салынып, ел игілігіне берілмек. Ал Шаған ауылында Ә.Атақаев көшесі орташа жөндеуден өтсе, 5 көшесінің ауыз су жүйесі жаңарды. Бірқатар көшенің электр желілері де жаңартудан өтті.

Елді мекендер халқы атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын беріп, денсаулық саласына қатысты, инфрақұрылымдық жұмыстарға байланысты ұсыныс-пікірлерін жеткізді.

Берік Әбдіғаппарұлы ұсыныстар негізінде алдағы жылға жоспарлар жасалатынын, тұрақты назарда болатынын атап көрсетті.

БӨЛІСУ