Университет қабырғасында облыстағы құқық қорғау және сот органдарының кезекті семинар-кеңесі өтті.

Облыстағы барлық құқық қорғау, сот, прокуратура, оның ішінде көлік және әскери прокуратура өкілдерінің қатысуымен кеңейтілген семинар-кеңес өткізілді.
Аталған іс-шара дөңгелек стол форматында Студенттер сарайында БАҚ өкілдерінің және Қорқыт ата атындағы университетінің болашақ түлектерінің қатысуымен өтті.
Айта кету керек, мұндай іс-шараны Университет қабырғасында өткізу дәстүрлі жолға қойылған.
Прокуратураның бастамасымен 2020 жылдан бері құқық қорғау, сот органдарының, сарапшылар қауымдастығының, адвокатура өкілдері және студенттер бас қосады.
Осындай форматтағы кездесулерді әр жылдың соңында өткізу бекер емес.
Осындай жолмен облыстағы барлық құқық қорғау, қадағалау және сот органдарының жұмыстары алдын ала қорытындылайды, кейбір қылмыстық істерді тергеу мен сотта қарау нәтижесімен құқық қолдану тәжірибесінде туындаған мәселелер талқыланады.
Бүгінгі іс-шара да ерекше форматта өтті.
Жиында үстіміздегі жылы орын алған азаматтардың конституциялық құқықтарын бұзу деректері, экологиялық қылмыстық құқық бұзушылықтармен келген залалдарды өндіру, оның ішінде киіктерге де қатысты, тұрмыстағы зорлық-зомбылық қылмыстар бойынша қалыптасып жатқан сот тәжірибесі, электронды форматта тергелген істерді сотқа жолдауда және одан әрі қарауда туындаған проблемалық мәселелер, мемлекеттік айыпты одан әрі жетілдіруге қатысты сұрақтар талқыланды.
Нәтижесімен бірқатар шешімдер қабылданды.

БӨЛІСУ