«Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен С.Шаухаманов атындағы №9 «Білім-инновация» лицей-интернаты базасында аудандық, қалалық білім бөлімдері мамандары мен пән мұғалімдерінің қатысуымен, «Жаратылыстану-математкикалық бағыттағы пәндерден олимпиадаға дайындаудың тенденциялары» тақырыбындағы облыстық оқу-әдістемелік семинары өтті.
Мақсаты: Дарынды тұлғаны дамыту идеяларымен алмасу;
Олимпиадалық резерв мектептерімен кәсіби байланыстарды нығайту;
Ғылыми әріптестіктің көкжиектерін кеңейту;
Өңірдің педагогикалық қоғамдастығын байытуға ықпал ету.
«Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығының директоры Баян Бақытжанқызы Ниязова семинарды ашып, дарынды оқушыларымыздың жеткен жетістіктеріне тоқтала отырып, әлемдік білім бәйгесінде дарынды және талантты балаларды қолдаудың мемлекеттік бағдарламалары аясында жүргізіліпжатқан жұмыстардың барысына тоқталды.
Орталықтың орынбасары К.Избасарова жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың 3 жылдық көрсеткішіне аналитикалық талдау жасап, атқарылған шаралар мен оқушылардың жетістіктеріне тоқталып, мониторинг арқылы олимпиадаға дайындау жұмыстарының жетілдіретін тұстарына баса назар аудартты.
Семинар бағдарламасына сәйкес, лицей-интернат жетістіктері туралы бейнеролик және халықаралық, республикалық олимпиадаларға қатысып,ғылым жолында,өндірісте табысты қызметтер атқарып жүрген түлектермен бейне байланыс көрсетілді.
Лицей-интернаттың резерв мектебіне жауапты мұғалім Уринбасаров Ахмад «Олимпиада менеджментінің тиімді жолдары» тақырыбында ұстаздарға олипиада жұмысының маңыздылығын түсіндірді, яғни олимпиадаға оқушыны жүйелі түрде дайындау,резерв қалыптастыру жұмысының ұзақ және тұрақты қызмет екеніне тоқталды.Семинардың нақты практикалық бөлімінде «Химия пәні бойынша олимпиадаға дайындық бағдарламасы мен әдістері»тақырыбында Махмудинов Қуаныш, «Физика пәнінің олимпиадаға дайындалу методикасы» Хитаров Рамазан, «Математика олимпиадасына дайындаудың құпиялары» Уринбасаров Ахмад, информатикадан «Тәжірибе зор жетістікке жеткізеді» тақырыбында Жарқын Батыр өз тәжірибелерімен бөлісіп, мұғалімдерге халықаралық, республикалық олимпиадада дайындыққа қолданатын материалдар мен қосымша сілтемелер, ресурстар мен пайдаланатын сайттар және олимпиадалар силлабустарымен таныстыру жұмыстарын жүргізді.
Семинар қорытындысында QR арқылы кері байланыс алынды.
Оқу-әдістемелік семинар қатысушы ұстаздар үшін шығармашылық ізденістің бастамасы болды. Сәттілік болсын, әріптестер!
2023-12-01