Сырдария ауданының өнеркәсіп орындары қолданыстағы бағамен 63988,0млн. теңгенің өнімін өндірді, бұл 2022 жылдың осыдеңгейіне қарағанда 48,7 пайызға ұлғайған (облыс бойынша 2 көрсеткіш). Оның ішінде өңдеу өнеркәсібі 20052,0 млн. теңгені (113,0 пайыз) құрап отыр (облыс бойынша 4 көрсеткіш).
Мал шаруашылығы.
Ауыл, орман және балық шаруашылығының жалпы өнімі көлемі 2023 жылдың қантар – қазанында 26051,3млн. теңгені құрап, 2022 жылдың 10 айымен салыстырғанда 3,7 пайызға артып отыр (облыс бойынша 6 көрсеткіш).
Инвестиция.
Ағымдағы жылдың 10 айында аудан экономикасына 52230,0 млн.теңге негізгі капиталға инвестиция тартылды, бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 168,9 пайыз болып отыр (облыс бойынша 3 көрсеткіш). Бұған себеп кен орнын жайластыру, ұңғымаларды пайдалану, шығару және айдау желілері жобалары, Қызылорда-Жезқазған автожолоның құрылысы, Тереңөзек кенті көшелерінің күрделі жөндеу жұмыстар есебінен 68,9 пайызға ұлғайғаны әсер еткен.
2023 жылдың қаңтар-қазан айларында 21279 шаршы метрді құрайтын тұрғын үй салынып, 2022 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 103,5 пайызға артқан(облыс бойынша 7 көрсеткіш). Салынған тұрғын үйлердің барлығы халықтың жеке қаражат есебінен.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 9161,0 млн. теңгені құрап, 27,3 пайызға артқан (облыс бойынша 4көрсеткіш).
Шағын және орта бизнес.
2023 жылдың 1 қарашасына бөлшек сауда көлемі 2127,5 млн. теңгені құрап, 131,8 пайыз болып отыр(облыс бойынша 1 көрсеткіш). Бөлшек сауданың өсімі жанар-жағар май сатылымының ұлғаюына және баға өсуіне байланысты көбейіп отыр.
2023 жылдың 1 қарашасына 3196 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері тіркелді. Оның ішінде 152шағын және орта кәсіпкерліктің заңды тұлғалары, 1368жеке кәсіпкерлер, 1676 шаруа және фермер қожалықтары.
Жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлік субъектілерінің саны 3069 болып, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 108,6 пайызға өскен. Жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлік субъектілерінің тіркелгендерге үлесі 96,0 пайызды құрады.