Бүгін Қызылордада «Анаға тағзым» республикалық Аналар форумының пленарлық отырысы өтті.

Іс-шараға облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Ақмарал Әлназарова, Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы республикалық Аналар кеңесінің төрағасы Назипа Шанаи, өңірлерден, аудандардан делегациялар, облыстың зиялы қауым өкілдері, еңбек ардагерлері, мәслихат депутаттары және көп балалы аналар қатысты.
«Анаға тағзым» республикалық аналар форумында аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлы марапаттаған байрақты бәсекелерде көк Туды биікте желбіретіп, елімізді төрткүл әлемге танытқан спортшыларды, өнер байқауларында облыс абыройын асқақтатқан ақындарды дүниеге әкелген аналар, демографияға, қайырымдылыққа атсалысып облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы жолында белсенділік танытқан аналар арасында көпбейінді облыстық балалар ауруханасының хирург дәрігері Болат Маханбетияровтың анасы Мүсрепова Шара Насырханқызы «Мейірімді ана» номинациясымен марапатталды.
Ерекше марапат иелері қатарына дәрігер анасының да қосылуы саламызға берілген үлкен құрмет деп білеміз. Осы ретте облыс әкіміне сала қызметкерлері атынан алғысымызды білдіреміз.

БӨЛІСУ