Қызылорда облысы бойынша жер ресурстарын басқару департаментінің қызметкерлеріне «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметі туралы» Заңына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар және ҚР Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №152 Жарлығымен бекітілген «Мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жазаны қолдану қағидалары» және «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі» талаптарына түсіндіру бойынша семинар өткізілді.

Семинардың мақсаты – мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама талаптарының бұзушылықтарының алдын алу, сондай-ақ құқықтық мәдениет деңгейін арттыру болып табылады.

Шара барысында мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама талаптары, мемлекеттік қызметшілерге мінез құлық тұрғысынан талап етілетін жалпы стандарттары мен қызметтен тыс уақыттағы және әріптестермен қызметтік қарым-қатынасы кезінде әдептілік нормалары, сондай-ақ мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулер мен міндеттемелерді сақтау бойынша консультациялық кеңестер көрсетіліп, қатысушылар тарапынан қойылған сауалдарға жауаптар берілді.

БӨЛІСУ