«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексіне және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және алдын алу» № 4 ҮББ жобаларын орындау бойынша нұсқаулыққа енгізілген өзгерістерді түсіндіру мақсатында семинар-кеңес өткізілді.

Бүгін басқарма қызметкерлеріне «Қызылорда облысының әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің әдеп жөніндегі уәкілі Шәкірбаев Мақсат Сәмитұлы семинар-кеңес өткізді.
Мақсат Сәмитұлы Семинар кеңесте мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметке кiру, мемлекеттік қызметшілердің жұмысын бағалау, көтермелеу, тәртіптік теріс қылықтар және жазалар, тәртіптік жазаларды қолдану мерзімдері, мемлекеттік қызметке кір келтiретін тәртіптік теріс қылықтар, мемлекеттік саяси қызметшілердің мемлекеттік қызметті тоқтатуы, келісімшарттық қызметшілер, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі қағидаттары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер, жақын туыстардың, ерлі-зайыптылардың немесе жекжаттардың бiрге қызмет (жұмыс) iстеуiне жол бермеу, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы хабарлау, мемлекеттік қызметтің әдептік қағидаттары, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және алдын алу» № 4 ҮББ жобаларын орындау бойынша нұсқаулыққа және № 2 жоба. сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын сақтауға қатысты түсіндірмелер берді.

Сонымен қатар, басқарма қызметкерлеріне өздерін толғандырған сұрақтарына жауаптар берілді.

БӨЛІСУ