Елордада «WorldSkills Kazakhstan 2023» VIII Республикалық кәсіби шеберлік чемпионаты өз мәресіне жетті. Бүгін ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев қатысушыларды құттықтап, үздіктерді марапаттады.
Жарысқа Қызылорда облысынан 18 құзыреттілік бойынша 19 студент бақ сынаған болатын. Нәтижесінде Сыр өңірінің командасы 1- алтын, 1- қола, 4 – «Үздік маман» медальонға ие болды.
Алтын медаль – «Құрғақ құрылыс және сылақ жұмыстары» құзіреттілігі бойынша «Абылай хан» атындағы жоғары колледжінің студенті Қауынбаев Дінмұхаммед Дастанұлы;
Қола медаль – «Инженерлік графикалық CAD» құзіреттілігі бойынша И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық-техникалық жоғары колледжінің студенті Жақсылық Айбол Болатбекұлы;
«Үздік маман» медальоны – «Графикалық дизаин» құзіреттілігі бойынша Қазалы аграрлы-техникалық колледжінің студенті Әбілбай Олжабек Асқарбайұлы;
«Үздік маман» медальоны – «Бастауыш сыныптарда оқыту» құзіреттілігі бойынша М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің студенті Абдуғали Ақнұр Айдарханқызы;
«Үздік маман» медальоны – «Сән технологиясы» құзіреттілігі бойынша «Абылай хан» атындағы жоғары колледжінің студенті – Абдуллаева Жансая Абдуллақызы;
«Үздік маман» медальоны – «Желілік әкімшілендіру» құзыреттілігі бойынша «Orda» жоғары колледжінің студенті Көшеков Асхат Маратұлы марапатталды.
Айта кеткен жөн, чемпионатқа 22 жасқа дейінгі 545 маман және еліміздің түкпір-түкпірінен 520 сарапшы қатысты.
Жеңімпаздар келесі жылы Францияда өтетін «WorldSkills Lyon – 2024» халықаралық додада ел намысын қорғайтын болады.

