2023 жылғы ауданның бюджеті 9,2 млрд. теңге болып бекітілген болатын.
Ауданға қосымша бөлінген нысаналы трансферттер арқылы аудан бюджетінің көлемі 10 млрд. 645 млн. теңгеге жетті.
Бұл ретте ауданның жергілікті салық түсімдерінің жоспары 2,0 млрд. теңге құраса, бүгінгі күнге 1 млрд. 436 млн. теңгегеорындалды (68,8%). Жылдың қорытындысымен жоспар толық орындалатын болады.
10 айдың қорытындысымен шығыстар жоспары 7 млрд. 693,3 млн. теңге құрап, 100%орындалы.
Аудан бойынша барлық бағыттар бойынша өсу динамикасын жалғастырып, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда негізгі әлеуметтік-экономикалық даму индикаторларына қол жеткізілді.
Атап айтқанда:
Өнеркәсіп өнімдерін өндіру 7.1 пайызға өсіп, 26 млрд. 843 млн. теңгені құрады.
Оның ішінде өңдеу өнеркәсібішаруашылықтардың күріш ақтау есебінен 8.8пайызға артып, 5 млрд. 777 млн. теңгенің өнімі өндірілді.
Негізгі капиталға тартылған инвестицияның көлемі 13 млрд. 24млн. теңгені құрап, 74.0 пайызға артты.
Ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 32млрд. 914,2 млн. теңгені құрап, 106,4 пайызға орындалды.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 4 млрд. 724 млн. теңгеге орындалып, 108.0 пайыздықұрады.
Макроэкономикалық көрсеткіштертің орындалуы бойынша аудандар арасында алдыңғы қатарда.
2022 жылы «Жалағаш ауданын дамытудың 2023-2025 жылдарға арналған перспективалық іс-шара жоспары»әзірленіп, бекітілді.
Іс-шара жоспарында білім, денсаулық сақтау, құқық қорғау, мәдениет және спорт салаларын дамыту, жолдармен және ішкі көшелерді жөндеу, тұрғын үймен қамтамасыз ету және инженерлік – коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту, сондай-ақ, жарықтандырумен абаттандыруға бағытталған жалпы құны 11,4 млрд. теңгеніқұрайтын 137 жоба енгізілді (2023 жылға – 32 жоба, 2024 жылға – 50 жоба, 2025 жылға – 55 жоба).
Перспективалық іс-шара жоспары аясында ағымдағы жылы бюджет қаражаты есебінен 34 жобаны іске асыруға 5,4 млрд. теңге бөлінді.
|
Оның ішінде, республикалық бюджеттен 3,1млрд. теңге, облыстық бюджеттен 2,2 млрд. теңге, аудандық бюджеттен 164,5 млн. теңге.
Атап айтқанда:
Жолдарды және ішкі көшелерді жөндеу бойынша – 9 жобаға 2,5 млрд. теңге;
Анықтама үшін:
– Ақсу елді мекеніне кіреберіс жолын орташа жөндеу – 73,3 млн. теңге;
– Жаңаталап – Аққыр бағытындағы жолын күрделі жөндеу – 655,3 млн. теңге;
– Есет батыр – Жаңадария бағытындағы жолын орташа жөндеу – 196,1 млн. теңге;
– Жалағаш кентіндегі М.Шәменов, Т.Қыстаубаев көшелерін күрделі жөндеу – 479,4 млн. теңге;
– Жалағаш кентіндегі 10 көшені күрделі жөндеу – 749,7 млн. теңге;
– Аққұм ауылындағы Аққұм көшесін күрделі жөндеу – 55,5 млн. теңге;
– М.Шәменов ауылындағы Бұқарбай батыр көшесін күрделі жөндеу – 59,6 млн. теңге;
– Бұқарбай батыр ауылындағы 3 көшені орташа жөндеу – 181,6 млн. теңге.
– Еңбек ауылындағы 3 көшені орташа жөндеу – 2,0 млн. теңге.
Елді мекендерді аяқ сумен қамту бойынша– 2 жобаға 82,6 млн. теңге;
Елді мекендерге газ желісін тарту және әлеуметтік нысандардың жылу жүйелерін табиғи газға ауыстыру бойынша – 5 жобаға 78,9 млн. теңге;
Анықтама үшін:
– Ақсу елді мекенін газдандыру – 20,0 млн. теңге;
– М.Шәменов елді мекенін газдандыру – 20,0 млн. теңге;
– «Наркескен» спорт клубы ғимаратын газға қосу – 15,2 млн. теңге;
– Аудандық кітапхана ғимаратын газға қосу – 11,7 млн. теңге;
– Елді мекендердегі инженерлік – коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға және жайластыру бойынша – 7 жобаға 965,1 млн. теңге;
– «Ақтерек» учаскесін сумен жабдықтаужүйесінің құрылысы – 52,3 млн. теңге;
– «Ақтерек» учаскесін газбен жабдықтаужүйесінің құрылысы – 603,1 млн. теңге;
– «Ақтерек» учаскесіне су тарату кешенініңқұрылысы – 21,4 млн. теңге;
– Аққұм елді мекенінің су тарату жүйесін кеңейту – 10,3 млн. теңге;
– Мәдениет елді мекенінің су тарату жүйесін кеңейту – 7,8 млн. теңге;
– Ақсу елді мекенінің электр желілерін қайта жаңғырту – 184,7 млн. теңге;
– Қаракеткен елді мекенінің электр желілерін қайта жаңғырту – 85,6 млн. теңге.
Әлеуметтік нысандардың құрылысы бойынша – 3 жобаға 782,0 млн. теңге;
– Мырзабай ахун ауылынан дәрігерлік амбулаторя құрылысы – 385,9 млн. теңге;
– Аламесек ауылынан дәрігерлік амбулаторя құрылысы – 366,9 млн. теңге;
– Жалағаш кентінен дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрысы – 29,2 млн. теңге.
– Мақпалкөл ауылдық округіндегі спорт алаңын ағымдағы жөндеу – 5,4 млн. теңге;
– Мақпалкөл ауылдық округіндегі Сәдір бикөшесін жарықтандыру – 2,2 млн. теңге;
– Жаңадария елді мекеніне балалар ойын алаңын орнату – 10,0 млн. теңге;
– Далдабай елді мекеніндегі балалар ойын алаңын ағымдағы жөндеу – 5,0 млн. теңге;
– Жаңақоныс елді мекеніндегі балалар ойын алаңын ағымдағы жөндеу – 5,0 млн. теңге;
– Есет батыр елді мекеніне балалар ойын алаңын орнату – 10,0 млн. теңге;
Сонымен қатар, «Өңірлерді дамыту»бағдарламасы арқылы Жалағаш кентініңкіреберісі, орталық алаң және ішкі көшелеріне абаттандыру, елді мекендерде тұрмыстық қатты қалдықтарды тастайтын полигонды қоршау, аяқ су келтіру, насос сатып алу жұмыстары жүргізілді.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қоры есебінен халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына 51тұрғын үй сатып алуға 480,0 млн. теңге бөлініп, оған қосымша облыстық бюджеттен 48 млн. теңге (барлығы: 528 млн. теңге) қоса қаржыландырылды.Қазіргі таңда жеке кәсіпкерлер арқылы аудан орталығынан тұрғын үйлердің құрылыстары жүргізіліп, сатып алу бағытында тиісті жұмыстары жүргізілуде.
Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту бойынша
2023 жылдың 9 айында тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 3294 бірлікті құрап, 6,8 пайызға, оның ішінде нақты жұмыс жасап тұрғаны 223 бірлікке немесе 7,7 пайызға артты.
Жыл басынан аудан бойынша 2 млрд. 814,1 млн. теңгені құрайтын 111 жоба қаржыландырылып, 136 адам жұмыспен қамтылды.
– мал шаруашылығы – 75 жоба 565,6 млн. теңге;
– егін шаруашылығы – 18 жоба 1 млрд. 412,5 млн. теңге;
– ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу – 9 жоба 244,0 млн. теңге;
– өңдеу саласы бойынша – 4 жоба 41,5 млн. теңге;
– қызмет көрсету бағыты – 5 жоба 550,5 млн.теңге.
Сонымен қатар, ағымдағы жылдың мамыр айында ұзақ жылдар бойын тоқтап тұрған «БИС-Групп» ЖШС-ның қызыл мия тамырын өңдеу зауыты қайта іске қосылып, 45 адамжұмыспен қамтылды.
Бұдан бөлек Жалағаш кентінен жалпы құны 200,0 млн. теңгені құрайтын 120 орындық типтік жобадағы «Жеті-қазына» жеке балабақшасы пайдалануға беріліп, 18 жаңа жұмыс орны ашылды («Ұлттық жоба» бағдарламасы аясында 94,0 млн. теңгеге қаржыландырылды).
«Серпін» аграрлы-индустриалды аймағынан«Сыздық» шаруа қожалығының құны 100,0 млн. теңгені құрайтын күріш ақтау және жем өндіру зауыты іске қосылып, 8 адамды жұмыспен қамтып отыр. Зауыт тәулігіне 60 тонна күріш ақтайды.
Сондай-ақ, өңдеу өнеркәсібіне бағытталған инвестициялық жобалар пулы аясында биылғы жылы 1 млрд. 30 млн. теңгені құрайтын 2 жобаіске асырылатын болады.
1) «Бағдаулет-57» фермер қожалығының жалпы құны 530,0 млн. теңгені құрайтын «100 бас ірі қара малына арналған сүт фермасы».Жоба іске қосылған уақытта тәулігіне 3000 литрсүтті өңдеп, өнім шығарады.
Бүгінгі күнге сүт фермасының негізгі ғимараттарының құрылысы аяқталды. «Аграрлы несие корпарациясы» АҚ арқылы 364,0 млн. теңге несие мақұлданды (жеке қаражат есебінен 166 млн. теңге).
Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары мен құрал жабдықтарға 200 млн. 644 мың теңге несие қаражаты беріліп, құрал-жабдықтарды орнату жұмыстары жүргізілуде.
Аталған жоба ағымдағы жылдың желтоқсан айында толық іске қосылып, 10 жаңа жұмыс орны ашылады (асыл тұқымды сиырлар Чехиямемлекетінен әкелінеді).
2) «АВ-AGRO» ЖШС-ның құны 500,0 млн. тенгені құрайтын тәулігіне 30 тонна күріш ақтау және жем өндіру зауыты.
Қазіргі таңда негізгі өндіріс ғимаратының құрылысы аяқталып, құрал-жабдықтарды орнату жұмыстары жүргізілуде.
Бұдан бөлек, «Ауыл Аманаты» жобасыаясында қаржыландыру үшін құны 1 млрд. 50 млн. теңгені құрайтын 149 жобаның құжаттары дайын.
Бүгінгі күнге «Байқоңыр ӘКК» АҚ-мен өнім өндіру, қызмет көрсету және өсімдік шаруашылығын дамытуға бағытталған 14 жоба105,6 млн. теңгеге қаржыландырылды.
Сонымен қатар, шағын кәсіпкерлік субъектілерін біріктіру арқылы 41мүшеден құралған 13 ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтері құрылды.
Кооперативтер бойынша 36,2 млн тенгеніқұрайтын 2 жоба «Байқоңыр ӘКК» АҚ-на арнайы техникалар алу үшін құжаттары ұсынылды.
Ауыл шаруашылығы саласы бойынша
Аудан бойынша барлығы 330 шаруашылықтың 194-і егінмен айналысады.
Биылғы жылы барлығы 37 079 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілді.
Анықтама үшін: негізгі дақыл күріш 19 800 га, жаздық бидай – 750 га, қант құмайы – 70 га, арпа – 70 га, соя – 64 га, мақсары – 520 га, сүрлемдік жүгері – 700 га, сұлы – 5 га, жаңа жоңышқа – 4850 га, картоп – 646 га, көкөніс – 1108 га және бақша өнімдері – 1296 га, ескі жоңышқа – 7200 га.
Егін орналастыру жұмыстарына барлығы 6 млрд. 750 млн. теңге қаржы жұмсалды.
Анықтама үшін: Шаруашылықтардың өз есебінен қажетті 1600,0 млн. теңге, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-нан алынғаны 480,0 млн. теңге, инвесторлар арқылы 3 млрд. 450,0 млн. теңге, басқа көздерден 1 млрд. 220,0 млн. теңге.
Ауданда жеке тұрғындар тарапынан картоп, көкөніс, бақша дақылдарын орналастыруға 500 гектар жер дайындау жұмыстары жүргізіліп, дайындалған жерге 921 отбасы 217,3 га картоп, 63 га көкөніс, 219,7 га бақша дақылдарын, сондай-ақ, «Ер-Әлі» шаруа қожалығы егінді әртараптандыру бағытында 7,5 гектар жерге тамшылатып суару әдісімен картоп,2,5 гектар жерге бақша дақылдарын орналастырылып, уақытылы жинап алды.
Егін шаруашылығымен бірге аудан экономикасының негізгі резервінің бірі мал шаруашылығы да тұрақты дамуда.
Аудан көлемінде барлығы 40 468 бас мүйізді ірі қара, 42 288 бас уақ мал, 23 049 бас жылқы, 801 бас түйе, 10 724 бас құс өсірілуде.
Жалағаш кентінде орталықтандырылған газ желісі 2021 жылдың шілде айында пайдалануға берілді.
Қазіргі таңда Жалағаш кентіндегі 2740 тұрғын үй (86,5 пайызы) және 19 әлеуметтік, 119кәсіпкерлік нысандары орталықтандырылған газ желісіне қосылған (Жалағаш кентіндегі тұрғын үй саны – 3164).
Бұл аудан халқының 38,2 пайызын құрайды.
Биылғы жылы облыстық бюджеттен Ақсу және М.Шәменов елді мекендеріне газ желісін тарту жұмыстарын бастауға 40,0 млн. теңге бөлінді. Мемлекеттік сатып алу жұмыстары аяқталып, құрылыс жұмыстары басталуда. Жоба 2024 жылға өтпелі. Мердігер «AЭS and Limited» ЖШС.
Әлеуметтік нысандардың жылу жүйелерін табиғи газға ауыстыруға «Ауыл – Ел бесігі»жобасы аясында республикалық бюджеттен 25,5 млн. теңге бөлінді. Бөлінген қаржыға «Наркескен» спорт клубы мен аудандық кітапхана ғимараттарының жылу қазандықтары газға ауыстырылып, пайдалануға берілді.
Сонымен қатар, аудан әкімдігі ғимаратының жылу жүйесін газға ауыстыру жұмыстарына аудандық бюджеттен 12,0 млн. теңге қаржы бөлініп, «Компания ГазСтрой» ЖШС арқылы құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізіліп, ғимараттың бу қазандығы табиғи газға қосылды.
Бұдан бөлек, Жалағаш кентіндегі «Ақтерек»учаскесіндегі жаңа тұрғын ауданын газбен жабдықтау жүйесінің құрылысына республикалық бюджет есебінен 603 млн. теңгеқаржы бөлініп, қазіргі таңда газ құбырларының желісі тартылуда. (мердігер «Ремстрой» ЖШС). Құрылыс жұмыстары бүгінгі күнге 90 пайызға орындалып тұр.