Облыс әкімі Нәлібаев Нұрлыбек Машбекұлы өткізген арнайы мәжілісте берілген тапсырмаларды негізге ала отырып аудан әкімі Жандос Еркінбекұлы дербес бөлім мен аппараттық бөлім басшыларымен жиын жасады.
Жиында жолдар, қайта жаңғыртуды қажет ететін ғимараттар және құрылысы жаңа жүріп жатқан нысандардың мерзімді аяқталуы, бюджеттен бөлінген қаражатты игеру барысы туралы бөлім басшылары баяндады.
Аудан әкімі Жандос Еркінбекұлы Ақжар ауылының орталық көшелерін абаттандыру, Жосалы кентіндегі жолдардың жөндеу жұмыстарын жыл аяғына дейін аяқтау, қаржы игеруді толық орындау, макрокөрсеткіштер, Жосалы кентіндегі темір жол вокзалын ақтау-сырлау, ауданда жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарын бәсеңдетпеу, аудан аумағындағы кент, ауылдық округтердің тазалығын қалыпты деңгейде ұстауды бөлім басшылары мен кент, ауылдық округ әкімдеріне қатаң бақылауға алуды тапсырды және берілген тапсырмаларды орындамай, өз жұмысына жауапкершілікпен қарамайтын сала басшыларына тәртіптік жаза қолданатындығын айтты.