«Күміс жас» жобасы аясында 50 жастан асқан қазақстандықтарға жаңа дағдыларды игеріп, одан әрі жұмысқа орналасу үшін Skills Enbek платформасында тегін оқуға мүмкіндік берілді. Платформада арнайы бөлім екі ай бұрын іске қосылды, осы уақыт ішінде оған 4,5 мыңнан астам адам тіркелді, оның 3,2 мыңы оқуды сәтті аяқтап, сертификат алды.
Курстан өткені туралы сертификат алынған барлық дағдылар көрсетіліп, Enbek.kz жұмысқа орналастыру порталындағы түйіндемеде автоматты түрде көрсетіледі. Жұмыс беруші өзіне қажетті жұмыс іздеушінің түйіндемесінде қолда бар сертификаттар мен алған дағдыларын көреді.
Естеріңізге сала кетейік, Skills Enbek платформасындағы «Күміс жас» қосымша парағында ауыл шаруашылығы, қаржы, білім беру, әлеуметтік қызмет көрсету, маркетинг және туризм, ақпараттық технологиялар, энергетика сияқты бағыттар бойынша 130-дан астам курс бар.