Бүгін аудан әкімдігінде ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет мәжілісінде қаралған мәселелерге сәйкес облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың тапсырмаларының орындалуы бойынша мәжіліс өтті. Онда аудан әкімі Серік Сермағамбетов аудан көлемінде атқарылып жатқан жобалар мен жоспарлардың орындалу барысы бойынша тиісті сала басшыларының жұмыстарын саралады.

Сондай-ақ мәжілісте бюджет қаражатының игерілуі мен оның тиісті салаларға бағытталуы бойынша бөлім басшылары баяндама жасады.

Жиын қорытындысымен аудан әкімі жауапты сала басшыларына игерілмеу қауіпі бар қаржыны жыл соңына дейін толық игеріп, қатаң бақылауға алуды жүктеді. Сондай-ақ, қызылшамен күрес және аурудың алдын алу жұмыстарын күшейтуді міндеттеді.

БӨЛІСУ