Қызылорда қаласы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өткізілді.
Комиссияның күн тәртібінде 7 мәселе қаралып,
ата-аналық мiндеттерiн орындаудан жалтарып, олардың құқықтарын теріс пайдалануына байланысты ата-аналық құқықтарын шектеу, сабаққа себепсіз келмеуіне байланысты әкімшілік немесе қылмыстық құқық бұзушылықтар жасамау жөнінде профилактикалық шараларды қабылдау, девиантты мінез-құлықты балаларға арналған мектеп интернатына жолдау, кәмелетке толмағандармен орын алған оқиғалар, кәмелетке толмағандармен және оларға қарсы жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтар және Қызылорда қалалық прокуратурасының заңдылықты бұзушылықтарды жою жөніндегі мәселелері талқыланды.
Комиссия төрағасының орынбасары Ерлан Теңізбайұлы кәмелетке толмағандардың профилактикасын күшейту мақсатында сала басшыларына нақты тапсырмалар берді.
Комиссия тарапынан кәмелетке толмағандардың мәселесі бойынша балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында тиісті шешімдер қабылданды.