Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік органдарының ардагерлері Шиелі ауданында болды.
Қазақстан Республикасы «Ұлттық қауіпсіздік органдарының Ардагерлері» Республикалық қоғамдық ұйымы Қызылорда облыстық филиалының мүшелері, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша департаментінің ардагерлері Шиелі ауданына атбасын бұрып, аудан әкімі Н.Ахатовпен кездесті.
Танымдық жолсапар жоспарына сәйкес, арнаулы мемлекеттік орган ардагерлері аудан әкімдігінің мәжіліс залында Шиелі ауданының ардагерлері және жастармен кеңейтілген кездесу өткізді.
Кездесу барысында Қазақстан Республикасы Президентінің «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына жолдауын насихаттап, Қазақстан Республикасы Арнаулы мемлекеттік органның мақсаттары мен міндеттеріне, атқарылған қызметтеріне қысқаша тоқталды.
ҰҚК органдарының Ардагерлері Республикалық қоғамдық ұйымының Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Досмағамбетов Серік Жаңбырбайұлы арнайы ардагерлер кеңесінің атқарған жұмыстарына тоқталып, аудан жастарын құқық қорғау органдарына оның ішінде Ұлттық қауіпсіздік органдарына қызметке орналасуға шақырды.
Басқосу барысында аудан жастары Ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметіне қызығушылығын танытып, сұрақтар қойып, тұшымды жауаптарын ала білді.
Шиелі ауданының құрметті азаматы, құқық қорғау саласының ардагері Тұрмат Баймағамбетовке Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетімен тұңғыш жүзеге асырылған «Набат» операциясына қатысты кітабы сыйға тартылды.
Кездесу соңында ҰҚК және аудан ардагерлері тарапынан Қызылорда облысы аймағында жастармен танымдық кездесулер ұйымдастыруға ұйытқы болған аймақ басшысы Н.Нәлібаевқа және шиелі ауданының әкімі Н.Ахатовқа алғыстарын білдірді.