Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің ұйымдастырумен Н.Ілиясов атындағы №9 мектеп-гимназия базасында «Үздік ерекше бала» қалалық байқауы өтті. Байқауға 3 жылға дейінгі еңбек өтілі бар 18 үйден оқитын ерекше білімді қажет ететін оқушыларға сабақ беретін жас мұғалімдер қатысты.
Байқаудың мақсаты – ерекше білімді қажет ететін балалармен жұмыс жасайтын шығармашыл, дарынды педагогтарды анықтау, мұғалімдердің кәсіби шеберлігін, дағдысын және теориялық дайындығын жетілдіру, шыңдау болып табылды.
Олар 4 кезең бойынша бақ сынап, өзара мықтыны анықтады. Байқауға қалалық білім бөлімінің әдіскері Ақерке Мұратбайқызы қатысып, орын алған мұғалімдерді марапаттады.
Байқаудың қорытындысы бойынша жүлделі ІІІ орынға № 9 мектеп – гимназиясының информатика пәні мұғалімі –Қаражанова Айнұр, ІІ орынға №211 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі – Сәрсенова Әйгерім, І орынға № 171 мектеп бастауыш сынып мұғалімі – Махамбетова Азиза лайық деп танылды. «Жас креативті ұстаз» номинациясымен № 5 мектеп – лицейінің ағылшын тілі пәні мұғалімі – Ысмайыл Айжан. «Үздік панорамалық сабақ» номинациясымен №178 орта мектебінің информатика пәні мұғалімі – Ұзақбаева Ұлпан марапатталды. Байқауға қатысушыларға арнайы сыйлықтар мен алғыс хат табысталды.