Бүгін облыстық білім басқармасының басшысы А. Есжанов қалалық білім бөліміне қарасты білім беру ұйымдары басшыларымен мәжіліс өткізді.
Жиында Асқарбек Темірбекұлы саланың негізгі мәселелері – сыртқы бағалау, білім сапасы, тәрбие бағытындағы жұмыстарды талқылап, кемшіліктерге жол берген білім беру ұйымдары басшыларының жауапкершілігін қарауды тапсырды.
Басқарма басшысы мәжілісте қалалық білім бөлімі басшысына және салалар бойынша жауапты мамандарға тапсырма беріп, оның орындалуы бойынша қатаң бақылауға алатынын жеткізді.