Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің ұйымдастыруымен №189 орта мектебінде «Гуманитарлық пәндерді оқыту үдерісінде мұғалімдердің кәсіби құзіреттілігін қалыптастыру арқылы оқушының шығармашылық қабілетін дамытудың тиімді тәсілдері» тақырыбындағы қалалық семинар өтті.
Семинарға Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің әдіскерлері Қуанышбай Нұржан, Ибрагимова Галия Мұратбаева Ақерке және гуманитарлық пәндерден сабақ беретін қала мектептерінің ұстаздары
қатысты.
Семинардың мақсаты: Гуманитарлық пәндерді оқытуда жаңа әдіс-тәсілдер қолданып, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту; Пән мұғалімдерінің өзара тәжірибелерімен бөлісу; Семинар барысында қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, тарих пәндерінен ашық сабақ, пәнді оқыту ерекшеліктері мен әдіс – тәсілдер жайлы тренингтер, сахналық қойылым өткізілді.
Ұстаздарды сергітіп, оқушыларды сабаққа ынталандыру мақсатында өткізілген психологиялық тренинг қатысушыларға ерекше көңіл күй сыйлады. Сонымен қатар, мұғалімдер ашық сабақ өткізіп, тәжірибелерімен бөлісті.
«Айтыстың ақиығы» тақырыбында қазақ тілі пәні мұғалімі Сарсембаева Нұргүл, «Тоқырау жылдарындағы демографиялық процестер» тақырыбында тарих пәні мұғалімі Тұманбаева Үрімжан, «Earth’s Oceans» тақырыбында ағылшын пәні мұғалімі Елешова Мөлдір, «Любимое время года» тақырыбында орыс тілі пәні мұғалімі Есимова Марина, «Sound and hearing» тақырыбында ағылшын пәні мұғалімі Алманова Ақжарқын, «Студенттік Универсиада» тақырыбында қазақ тілі пәні мұғалімі Қабибуллаева Гүлнұр ашық сабақ өткізді.
Семинар әріқарай «Мектеп театры» жобасының жетекшісі Байжанова Қайыркүлдің оқушыларының «Алтын сақа» ертегісінің сахналық қойылымы жұртшылық назарына ұсынылды.
Педагог-писихолог Нургалиева Гүлнұр мен Жаканова Сауленің «Көңілі көтеріңкі ұстаздың еңбегі де жемісті» тақырыбындағы тренигтермен жалғасын тапты.
Ұстаздарды сергітіп, оқушыларды сабаққа ынталандыру мақсатында өткізілген психологиялық тренинг қатысушыларға ерекше көңіл күй сыйлады.
Семинар соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, кері байланыс жасады.