Байқоңыр қаласында 57,4 мың адам тіркелген. Оның 40,6 мыңы ҚР азаматтығы бар тұрғын. Қаланың өзекті мәселесі – өндіріс орнының болмауы, кәсіпкерліктің әлсіз дамуына байланысты жаңа жұмыс орындарын құруда қиындықтар тууда. Мәселені шешу мақсатында 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде шаралар қабылдаунда. Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында Қызылорда облысы әкімінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілі Қайрат Нұртай хабарлады.
Қалада жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» шеңберінде көрсетіледі. Жыл ішінде тұрақты жұмыс орындарына 281 адам жұмысқа орналастырылды. «Бастау бизнес» кәсіпкерлік негіздерін оқыған 50 тұрғынға 69 миллион теңге сомасына өтеусіз грант берілді.
Сонымен қатар, Қызылорда облысының әкімдігімен «Байқоңыр» кешенінің жалдан шығарылған нысандар негізінде кәсіпкерлік объектілерін ашу үшін Қызылорда облысының коммуналдық меншігіне беру бойынша тұрақты негізде жұмыстар жүргізуде.
Мәселен, әкімдік жаңа кәсіпкерлік нысандарын ашу үшін жалдан шығарылған 9 нысанды мүдделі инвесторларға беру бойынша жұмыс жүргізуде – деді Қайрат Ырзақұлұлы.

Байқоңыр қаласында 12 мектеп бар. Оның 5 мектебі қазақстандық білім беру стандарты бойынша жұмыс істейді. Жалпы, оқушылардың саны 8933 құрайды.
-Облыс әкімімен және салалық министрлермен «Қызылорда облысы Байқоңыр қаласының 2023-2026 жылдарға арналған білім беру жүйесін дамыту бойынша жол картасы» бекітілді. Жол картасымен жалпы 29 іс-шара бекітілген. Қазіргі таңда, жол картасын іске асыру мақсатында салалақы басқармалармен шаралар қабылдануда.
Сондай-ақ, қалада мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының санын арттыру мақсатында жалдан шығарылған 2 нысан негізінде жыл соңына дейін балабақша ашу жұмыстары аяқталатын болады.
Сонымен қатар, «Байқоңыр» кешені жөніндегі Қазақстан-Ресей. Үкіметаралық комиссияның 8-ші және 9-шы отырыстары шеңберінде Байқоңыр қаласында орналасқан РФ орта мектептерінде «Қазақстан тарихы», «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндерін оқудан тыс белгіленген тәртіппен ұйымдастыру жөніндегі жұмыстарды жалғастыру туралы бірлескен шешім қабылданды.
Қазіргі таңда, Байқоңыр қаласы әкімшілігіне қарасты М.К. Янгель атындағы №7 орта мектебінде аталған пәндер факультатив ретінде оқытылуда. Басқа мектептерге аталған пәндерді оқыту бойынша облыстық білім басқармасымен жұмыстар жүргізілуде, – деді Қайрат Ырзақұлұлы.

Қазіргі таңда, Байқоңыр қаласында көпқабатты 351 үй бар. Тұрғын үй мәселелерін шешу үшін Қазақстан Республикасының қаражаты есебінен 2021 жылдан бастап Байқоңыр қаласының 7 «А» мөлтек ауданында «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында елу пәтерлі бес тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Сонымен қатар, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін қайта құру және жаңғырту мақсатында 2021 жылы 11,4 шақырым кәріз желілері қайта жаңғыртылды. Келер жылы да жұмыстарды жалғастыру жоспарланған.

– Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, қаладағы тұрғын ұй қоры мен инфрақұрылым жүйелеріне тексеру жұмыстары жоспарланған. Тиісті жұмыс тобы құрылып, Байқоңыр қаласы әкімшілігімен бірлескен жұмыстар жүргізілуде. Айта кету керек, Байқоңыр қаласы толық газдандырылған. Мемлекет басшысының елді мекендердің әлеуметтік инфрақұрылымын жақсарту мақсатындағы тапсырмасына сәйкес, 2022 жылы қалаға іргелес Төретам және Ақай елдімекендерінде газдандыру жұмыстары басталған болатын. Қазіргі таңда, Ақай ауылына газ тарту жұмыстары толығымен аяқталып, «ҚазТрансГаз Аймақ» мекемесі арқылы тұрғын үйлер табиғи газға қосылуда. Ал, Төретам кентін табиғи газға қосу жұмыстарын жыл соңына дейін аяқтау жоспарлануда, – деді Қайрат Ырзақұлұлы.

БӨЛІСУ