Жыл басынан бері 4 елді мекенді табиғи газбен қамтамасыз етілді. Газдандырылған ауылдық елді мекеннің саны 26-ға артып, газдандыру деңгейі 11,3 пайызды құрады. Жыл соңына дейін облыстың газдандыру деңгейін 75 пайызға жеткізу жоспарлануда. Толығырақ Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында облыстық энергитика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Болатбек Ысмағұлов айтты.
-Биыл 26 газбен жабдықтау жобаларын жүзеге асыруға 9,3 миллиард теңге бөлінді. Бұл қаржыға былтыр 7 жоба басталған болатын. Сол жобалар жалғасын табады және 19 жаңа жобаның құрылысы басталады. Ал, ауыз су мәселесі бойынша сөзімізді сабақтасақ. Облыс бойынша барлық 230 ауылдық елді мекеннің 198 немесе халық санымен алғанда 98,1 пайызы орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылған. Мемлекет басшысының 2021 жылғы жолдауында Үкіметке алдағы бес жыл ішінде халықтың 100 пайызын таза ауыз сумен қамтамасыз ету тапсырмасы бойынша өңірімізде кешенді жоспар әзірленіп, тиісті жұмыстар атқарылуда. Сонымен-қатар, облыста10 мың шақырымнан астам электр желілері мен кернеуліктері әртүрлі 1867 қосалқы станция бар. Олардың тозу деңгейі 68% пайызды құрайды. Бұл мәселені шешу мақсатында тиісті министрліктермен жұмыс істеу арқылы «Ауыл-ел бесігі» және басқа да бағдарламалар аясында қаржы бөлінуде, – деді Болатбек Әбдулхайысұлы.
Биыл «Ауыл аманаты» жобасын жүзеге асыру үшін облысқа 3,0 млрд.теңге қаржы бөлінді. Бағдарламада қарастырылған негізгі 5 бағыт бойынша 600 жобаға қолдау көрсетілмек. Осының нәтижесінде, 636 жаңа жұмыс орнын ашу көзделуде.
-Қазіргі таңда жоба бойынша қаржыландыру бағыттары анықталып, барлық ауылдық елді мекендерде халыққа түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Бұл бағдарлама өңдеу, егін коорперативтерін жабдықтау, мал шаруашылығы және басқа бағыттағы бизнес жобаларға арналған. Бүгінде 342 жобаның құжаттары несие комитетімен мақұлданды. Ал 142 жоба бойынша қарастырылған несие 18 коорператив пен 124 жеке кәсіпкерге берілді. Осының нәтижесінде 288 жұмыс орны ашылады, – деді басқарма басшысы Талғат Тұрсынұлы.
«Ауыл аманаты» жобасын сапалы іске асыру мақсатында негізгі басымдық өндірістік жобаларға берілуде. Бұл ретте, жеке қосалқы шаруашылықтардың жұмысына тиімді қолдау көрсетіледі. Атап айтқанда, шағын цехтар, жылыжай өндірісі, омарта, балық және құс шаруашылығын дамытуға бағытталуда.