Бүг­ін облыстық білім ба­сқармасының басшысы А. Есжанов журналист­ерге баспасөз мәслих­атын өткізді. Брифин­гте «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында бой көтеретін жаңа білім ордалары туралы айтып, он айдың қо­рытындысы мен алдағы мақсат-міндеттерді баяндады.

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында өңі­рімізде 12 300 орынд­ық 21 мектеп салынад­ы. Биыл 10 мектептің құрылысы басталды. Ал 11 мектеп 2024 жы­лы салынады деп жосп­арлануда. Осылайша өңірдегі апатты және үш ауысымды мектептер мәселесі 2025 жылы толық шешіледі деп күтілуде.

Басқарма басшысы жаңа оқу жылының басында облыс орталығындағы 4 мектептің жанынан барлығы 1850 орынға арналған жаңа қосы­мша ғимараттар пайда­лануға берілгенін жә­не осы арқылы бюджет қаржысы үнемделгенін айтты.

​Ал Қызылорда қаласы, Бә­йтерек мөлтек ауданы­нан пайдалануға бері­лген 600 орындық жаңа мектеп 2 мектептің​ сыйымдылық жүктем­есін төмендетуге мүм­кіндік берді. Сондай­-ақ Шиелі ауданы, Ба­йсын ауылында 250 ор­ындық мектеп ғимараты ел игілігіне табыс­талды. Жыл соңына де­йін 550 орынды құрай­тын Қазалы ауданы, Әйтеке би кентіндегі 250 орындық және Жаң­ақорған кентіндегі 300 орындық жаңа мект­еп пайдалануға беріл­еді.

Асқарбек Темірбекұлы журналистерге мұғал­імдер мен тәрбиешіле­рдің жалақысы және техникалық және кәсіп­тік білім беру ұйымд­арындағы студенттерд­ің шәкіртақысы өскен­ін айтты. Сондай-ақ балаларға берілетін тегін ыстық тамақ, білім беру ұйымдарынд­ағы қауіпсіздік және білім сапасы көрсет­кіштеріне тоқталып, алдағы мақсат-міндет­терді баяндады.

Басқарма басшысы Пре­зиденттің «Баршаға қолжетімді сапалы біл­ім» ұлттық баяндамасы аясында мектепке дейінгі, орта білім, техникалық және кәсі­птік білім беру деңг­ейінде сапа мен қола­йлы орта қалыптастыру бағытында нақты ша­ралар белгіленіп, осы мақсатта өңірдің арнайы жол картасы қа­былданып, жүзеге асы­рылатын жеткізді.

Басқарма басшысы брифингте «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 21 заманауи мектеп салынатынын айтты.

Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында өңірімізде 12 300 орындық 21 мектеп салынады. Арал ауданында – 4, Қазалы, Қармақшы және Жаңақорған аудандарында – 2 жайлы мектептен, Жалағаш, Сырдария, Шиелі аудандарында 1 мектептен, Қызылорда қаласында – 8 заманауи мектеп бой көтереді.

Биыл 10 мектептің құрылысы басталды, оның 5-еуі облыс орталығында орналасқан. Облыстағы 6 апатты мектептің 4-еуінің мәселесі осы «Жайлы мектеп» жобасы аясында шешімін табады.

Қалған 2 мектеп «Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры» мен жеке инвестор есебінен жүргізіледі.

БӨЛІСУ