Жаңақорған және Жалағаш орман мекемелері 40 га астам тұқымбаққа сексеуіл егу жұмыстарын жүргізуде. Маусымдық жұмыстарға орманшы инспекторлары, орманшылық басшылары, инженер және орман шеберлерінен құралған барлығы 50 жуық жұмысшы жұмылдырылды.
Ал Арал теңізінің құрғаған табанына 2025 жылға дейін 1 миллион гектардан астам сексеуіл егу жоспарланып отыр. Осы мақсатта 2021 жылы АТҚТ-ының су қоры жерлерінен 500000 га жер алынып, Арал орман мекемесінің мемлекеттік орман қорына берілген еді.
Сәйкесінше, 2021 жылы Арал, Қазалы орман мекемелерімен жалпы аумағы 101,1 мың га жерге орман мелиорациялық екпелер жасалды. Ал 2022 жылдың наурыз айында сексеуіл көшетін отырғызу жұмыстары 12026 га жеріне жүргізіліп, 3,6 млн дана сексеуіл көшеті отырғызылса, қараша-желтоқсан айларында барлығы 96457 га жерге тұқым себілді. Бұған қоса, былтыр 2023 жылға ағаш отырғызу мақсатында 96200 га жерге топырақ дайындау жұмыстары орындалған болатын.