Сырдария аграрлы техникалық колледжінде студенттермен кездесу өтті. Кездесуге Қызылорда облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі, саясаттанушы Бауыржан Усенбаев, облыстық «Ассамблея жастары» ұйымының жетекшісі Елизавета Есмаева қатысты.

Кездесуде жастар бастамаларын қолдау, мемлекеттік жастар саясатын іске асыру, жаңа жобалар мен ұсыныстар айтылып, “Ассамблея жастар” ұйымының атқарған жұмыстары мен мақсат-міндеттері слайд арқылы таныстырылды. Қазақ тілін үйрену әдіс-тәсілдері түсіндіріліп, жас ұрпақтың бойында патриоттық сезімді қалыптастыру мәселелері сөз болды.
Сонымен бірге жалпыұлттық бірлік, татулық бағытында сөз қозғалды. Қазіргі замандағы әлеуметтік желінің зияны, оған деген тәуелділік, лудоманияның жастарға теріс әсерлері айтылды. Ақпараттық түсіндіру бағытында кеңестер беріліп, осы тақырып аясында кеңінен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Сырдария ауданының қоғамдық даму мекемесінде «Қоғамдық келісім» КММ директорының орынбасары Дәулет Омаров қоғамдық қабылдау өткізді. Мұндағы мақсат этносаралық қатынастар саласындағы мәселелерге қатысты талап-тілектерді тыңдап, тиісті деңгейде шешу. Қоғамдық қабылдауға Тереңөзек кентіндегі этнос өкілдері келді.

Қабылдауда көтерілген мәселелер бойынша тиісті тұлғаларға тапсырмалар жүктеліп, барлық айтылған ұсыныс, пікірлер ескерусіз қалмайтындығы айтылды.

БӨЛІСУ