Сырдария ауданында Тереңөзек кентінде «Қоғамдық келісім» КММ директорының орынбасары Дәулет Омаров, облыстық ҚХА жанындағы Ғылыми-сарапшылық тобының мүшесі, заң ғылымдарының магистрі Қуаныш Жарекеев аудандық этнос өкілдері, ҚХА құрылым мүшелерімен кездесті.

Кездесуді аудандық қоғамдық даму бөлімінің басшысы Бейбіт Смайлов жүргізді. Іс-шарада Сырдария аудандық «Қоғамдық келісім» КММ этносаралық қатынастар жөніндегі сарапшысы Нұр Мақсұт, «Сырдария аудандық әйелдері» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Алимаш Мырзахметова, Сырдария аудандық қоғамдық даму мекемесінің қызметкерлері, Аудандық ақсақалдар кеңесінің мүшелері, белсенді жастар, медиаторлар қатысты.
Кездесу аясында аудандағы этносаралық қатынастар жайлы және қоғамдық келісімді қалыптастыру бағытындағы атқарылған жұмыстар жайлы хабарламалар тыңдалды.
Мемлекет басшысы ҚХА-ның 32 сессиясында «Азаматтардың бірлігін, жалпыұлттық бірегейлікті және еліміздің этноәлеуметтік тұтастығын нығайту жөніндегі іргелі, тіпті қасиетті деп айтуға болатын міндеттерді жүзеге асырмайынша, мемлекеттің бірде-бір стратегиялық міндетінің орындалуы мүмкін емес екенін естен шығармаған жөн», – деген болатын.
Осы ретте «Қоғамдық келісім» КММ директорының орынбасары Дәулет Омаров Қазақстандық бірегейлік пен бірлік – ұрпақтан ұрпаққа үзілмей жалғасатын дүние. Ол әрбір қазақстандықтың тегіне, нәсіліне, дініне қарамастан өзінің тағдыры мен болашағын Қазақстанмен байланыстыруына негізделеді. Ортақ тарих, болашаққа деген жауапкершілік елімізді біртұтастыққа бастайтынын алға тартты.
Облыстық ҚХА жанындағы Ғылыми-сарапшылық тобының мүшесі, заң ғылымдарының магистрі Қуаныш Жарекеев, аудандық Ақсақалдар кеңесі төрағасы Сандыбай Садуақасов сөз сөйлеп, толеранттылық, қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық жөнінде келелі ойларын ортаға салды.
Кездесу соңында қатысушылар тарапынан өнегелі ойлар мен құлақасар пікірлер айтылды. Жалпыұлттық бірлік пен қоғамдық келісімге байланысты бүгінгі күні туындап жатқан мәселелерді талқылау, оларды шешу жолдары ұсынылды.

БӨЛІСУ