2023 жылғы 24 қараша күні қалалық мәслихаттың бюджет және экономикалық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өткізілді.
Тұрақты комиссия отырысында «2024-2026 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» және «2024-2026 жылдарға арналған кент және ауылдық округтердің бюджеті туралы» мәселелері талқыланды.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша қалалық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Г.Баймаханова хабарлама жасап, депутаттар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.
Комиссия отырысы барысында қалалық мәслихат төрағасы И.Құттықожаев 2024 жылға арналған қала бюджетін қалыптастыру кезінде депутаттардың ұсыныстары ескеріліп, бірқатар өзекті мәселелер шешімін табатынын жеткізді.
Сонымен қатар, депутаттар тарапынан Титов қыстағындағы № 173 орта мектептің жанындағы Т.Бокин көшесін жарықтандыру, жаяу жүргіншілер салу, елді-мекендерге берілген су насостарының іске қосылу мәселелері (депутат М.Есжанов), Тасбөгет кентіндегі алты көшені жарықтандыру (депутат А.Төлегенова), «Арай-Шұғыла» көшелерін жөндеуден өткізу мәселесі (депутат Р.Ысқақова), қаладағы Сәттілік тұйығын жарықтандыру, ауыз су жүйесін жүргізу (депутат Б.Каримова), қаладағы салынған су ұңғымаларының іске қосылу мәселесі, № 5 қалалық емхананың салыну мәселесі (депутат Н.Тұрғанбаев), «Сыр Ана» монументі алаңына салынған балаларға арналған ойын алаңы үлгісіндей алаңдарды қала орталығына да салу, демалуға арналған жағажай мәселесі (депутат Ғ.Байсеитов), «Сәулет» тұрғын ауданындағы көппәтерлі тұрғын үйлердің ауласындағы ойын алаңдарын жөндеуден өткізу мәселелері (депутат Ж.Садвакасова) көтеріліп, қала әкімінің орынбасары Ғ.Еркебай тарапынан аталған мәселелер назарға алынып, жұмыстар жасалатынын жеткізді.
Комиссия отырысына қалалық мәслихат депутаттары, қала әкімінің орынбасары Ғ.Еркебай, қалалық кірістер басқармасының басшысы Ф.Қожабергенов, қалалық дербес бөлімдердің басшылары, кент және ауылдық округтердің әкімдері қатысты.
Отырысқа қалалық мәслихат төрағасы И. Құттықожаев төрағалық етті.