Бүгін аудан әкімі аппаратының басшысы, Әдеп жөніндегі уәкіл Ринад Тілептің төрағалығымен құқықтық оқу өтті.

Оқыту барысында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңы және оған енгізілген өзгерістер мен толықтырулар, мемлекеттік қызметшілердің әдептілік нормалары мен мінез-құлық қағидалары түсіндірілді.

Басқосуда Ринад Ібайдуллаұлы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары бойынша жұмыстарды күшейту мен қызметкерлер арасында құқықтық сауаттылықты арттыру жұмыстарының маңыздылығына тоқталып, әдептілік нормалары мен заңда белгіленген шектеулерді сақтау, мүдделер қақтығысын болдырмау, азаматтармен қарым-қатынаста әдептілік таныту, дөрекілік, қадір-қасиетін кемсіту, әдепсіздік және бейәдеп мінез-құлық фактілеріне жол бермеу секілді қызметтік әдеп стандарттарын қатаң сақтауды тапсырды.

Әдеп жөніндегі уәкілдің қатысуымен өткізілген жиынға мәдениет және спорт бөлімінің қызметкерлері қатысты.

БӨЛІСУ