Арал–Сырдария облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы Балық шаруашылығы бөлімінің бас мамандарымен, Қызылорда облысы Шиелі АПБ ЖПҚБ ТҚПт-нің инспекторы «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында жүргізілген рейд барысында 2023 жылы 5 қараша күні сағат 21:30 шамасында Досбол–Датқа ауылының сыртында жеңіл автокөлігі тоқтатылып, үш азаматтың заңсыз балық аулағаны анықталған.

Тексеру барысында айғақ зат ретінде олардан 1 дана үрмелі қайық, 1 дана шанышқы, 1 дана тоқ күшейткіш құрал, аккумулятор, 2 дана жарық шам, әр түрлі балықтар, 2 дана «ОЗК» анықталған.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасының ҚК-нің 335-бабының 3 бөлігі қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бар аталған дерек, Шиелі аудандық полиция бөліміне 2023 жылы 5 қараша күні тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

БӨЛІСУ