«AMANAT» партиясы облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Шамшидин Амитов қоғамдық қабылдау өткізді.
Қабылдауға келушілер құқық қорғау органдарының кадрлық саясаты, қылмыстық, әкімшілік істердің сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысы, мектеп жанындағы жол көлік қозғалысын реттеу туралы мәселелерді қозғады.
Құқық қорғау органдарына қызметке тұру мәселесі бойынша келуші тұрғынға заңдылығы, бос штаттарға құжат тапсыру жолдары мен кезеңдері айтылып, бос жұмыс орындарына конкурстық негізде таңдау жүргізілетіні түсіндірілді. Қылмыстық және әкімшілік істер бойынша аталған уәждер ескеріліп, істерді жеке бақылауына алатынын және өтініш иесіне қосымша хабар беретінін жеткізді.
Мұнан бөлек Астана-2 мөлтеу ауданында жаңадан ашылған «Бәйтерек school» мектебінің алдына ювеналдық полиция қызметкерін бөлу туралы өтінішті назарға алынып, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жол белгісі, жаяу өткінші жолы мен жылдамдық соққысы (лежачий полицейский) орнату бойынша тиісті ұсыныс берілгені айтылды. Ювеналдық полиция қызметкері аталмыш аумақта жол жүруді реттеу жұмыстарын жүргізетіні хабарланды.
Департамент бастығының орынбасары тұрғындарға қабылдау барысында аталған барлық мәселе басты назарда болып, оң шешілгенге дейін бақылауға алатынын жеткізді.