Аудандық мәдениет үйінде Жаңақорған ауданының 95 жылдығы аясында ақын, әнші, термеші, режиссер-драматург Әмір Мәжитовтің шығармашылығына арналған “Театр – ғұмыр” атты рухани-танымдық шара ұйымдастырылды. Шараға ҚР-ның Еңбек сіңірген әртісі, “Құрмет” орденінің иегері Бақытбек Алпысбаев, ҚР-ның Мәдениет қайраткері Қожа Бақтияр Абдуллаұлы, ҚР-ның Мәдениет қайраткері, ақын, режиссер Оңталап Нұрмаханов, ҚР-ның Мәдениет қайраткері Камила Әбжанова және т.б. өнер майталмандары қатысты. Аудан әкімінің орынбасары Б.Нуридинов рухани-танымдық шараның маңыздылығына тоқталып өтті. Кеш барысында мәдениет үйі өнерпаздары дайындаған театрландырылған қойылым көпшілік назарына ұсынылып, Ә.Мәжитовтің “Бір үзім нан” спектаклі сахналанды. Сондай-ақ, “Қазақстан-Қызылорда” телеарнасы арқылы түсірілген “Дала дарыны” атты деректі фильм көрсетілді. Театр өнерінде өшпес қолтаңбасын қалдырған талант иесі Әмір Мәжитовтің рухани мұралары ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, елмен бірге жасай бермек.

БӨЛІСУ