«АМАНАТ» партиясы жанындағы экологиялық кеңестің отырысы өтті. Оған бейнебайланыс режимде партияның облыстық филиалының Атқарушы хатшысы Ләйлә Төрешова, партия филиалы жанындағы экология жөніндегі аймақтық кеңес төрағасы Жорабек Нұрымбетов және тиісті сала басшылары қатысты.

Күн тәртібінде Қазақстан Республикасының су ресурстарын сақтау, қалпына келтіру және тиімді пайдалану жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру, соның ішінде Арал теңізінің солтүстік бөлігіндегі су қоймасының әлеуетін арттыру, еліміздің тарихи-мәдени және табиғи мұрасын бұзақылықтан қорғау, жергілікті деңгейде құзыреттерді дамыту мәселелері талқыланды.

Жиын барысында партия филиалы жанындағы экология жөніндегі аймақтық кеңес төрағасы, облыстық мәслихаттағы фракция мүшесі Жорабек Нұрымбетов тиісті министрікке Кіші Арал теңізінен бөлінетін судың лимитін бөлек қарау және орталык Азия мемлекетерінің лимитінен кіші Арал теңізін сақтап қалу үшін қосымша лимит беруіне сұраныс жасап, Нарын-Сырдария каскатының бойындағы барлық су құрылысындағы су өлшегіш құралдарын автоматандару бойынша ұсыныс жасады. Ұсыныс бақылауға алынып, жұмыс жасалатын болды.

БӨЛІСУ